Алматылық «Қайрат» Анталияға жол тартып, онда наурыз айында басталатын қазақстандық турнирлік маусымға дайындық жұмыстарын жалғастырады.
Түркияға «сары-қаралар» сапында 26 футболшы жол тартты:
Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт;
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп, Дино Миканович, Раде Дугалич, Иван Сизов, Дамир Касабулат;
Жартылай қорғаушылар: Айбол Абикен, Еркебұлан Тұңғышбаев, Рифат Нурмугамет, Конрад Вржещиньский, Сұлтанбек Астанов, Еркебұлан Сейдахмет, Әліби Тузақбаев, Адам Адахаджиев, Небойша Косович, Камо Оганесян;
Шабуылшылар: Адеринсола Эсеола, Самат Сәрсенов, Дамир Битусупов, Артур Шушеначев, Данияр Үсенов.
Оқу-жаттығу жиыны аясында төрт бақылау матчы жоспарланған:
26-шы қаңтарда «Қайрат» варшавалық «Легиямен» екі матч өткізеді, 28-ші қаңтарда «сары-қаралар» киевтік «Динамомен» күш сынасады. 29-шы қаңтарда болгарлық Разградтың «Лудогорец» командасына қарсы ойын жоспарланған.