«Қайрат» футбол клубы өзінің түлегі – 20 жастағы жартылай қорғаушы Әділет Садыбековпен келісім-шартты ұзарқандығын қуана хабарлайды.
Жаңа келісім 2025 маусымының соңына дейін есептелген.
Әділет Садыбеков 2022 жылдың бірінші жартысында «Қайрат-Мәскеу» сапында өнер көрсетіп, маусым айының ортасында негізгі команданың ойыншысы атанды, ол бүгінгі күні 19 матч ойнап, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
«Қайрат» футбол клубы Әділетті жаңа келісім-шартпен құттықтап, оған командамен бірге одан әрі өсулерін және үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейді!