«Қайрат» ФК бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «SPORTINFORM-ге» берген сұқбатында ӘЧ-2018 финалынан не күтетінін айтып, Мундиаль туралы әсерімен бөлісті.
- Турнирді қалай бағалайсыз? Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік Мундиаль ма?
- Ресей бірден өзінің 12 қаласында осындай үлкен көлемдегі спорт шарасын бірінші рет ұйымдастырып отыр. Бәрінің тек жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тағы да көзіміз жетті. Сөзсіз, ұйымдастыру тұрғысында, ойын, эмоция және драматизм бойынша бұл ең үздік әлем чемпионаттарының бірі.
- Финалда Франция мен Хорватия кездеседі. Кімді әлем чемпионы болады деп ойлайсыз және неге?
- Франция құрамасы әлем чемпионы болады деп ойлаймын. Бұл туралы чемпионаттың басында-ақ айтқанмын. Талантты әрі амбициясы жоғары футболшылар жинақталған. Құрамы өте мықты, ең басынан соларға жанкүйер болды.
- Бұл чемпионат футболдың әлемде дамуы үшін не береді?
- Футбол әлемдегі барлық адамдар үшін бірігу күші деп айтар едім. Әлем чемпионаты барша жанкүйерлерді біріктіре алды. Әр елдің адамдары өз армандарына сенді. Қараңызды – көптеген фавориттер жоғары нәтижеге жете алмады. Ресейлік командаға турнир басында ешкім сенген жоқ, бірақ іс жүзінде бүкіл ел бірігіп, үлкен бір командаға айналды. Бұл кәсіпқой футболдың дамуына күш береді деп үміттенемін.
- 2018 жылғы әлем чемпионатынан қазақстандық футболшылар, мамандар мен бапкерлер өздеріне не ала алады?
- Сенімділік – бізге байланыстының бәрі осыдан басталады. Футбол – үлкен мүмкіндіктер ойыны. Сонымен қатар, мұндай турнирлерде жаңа жұлдыздар ғана емес, жаңа тактикалық ойындар мен идеялар шығатынын ұмытпайық. Бұл тұрғыда әлем чемпионаты қазақстандық футбол үшін көп нәрсе беруі мүмкін.
Естеріңізге салсақ, Қайрат Боранбаев чемпионаттың басында Франция құрамасының финалда ойнайтынын болжаған болатын.