«Sportinform» спорт порталы отандық футболдағы ең беделді тұлғалардың ондығын жасады, мұнда Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев көш бастап тұр.
«Федерацияның президенті бар кезде рейтингінің бірінші орнын жәй ғана бір клубтың қожайынына беру дұрыс емес деп айтатын шығарсыздар.
Бірақ біздің жауабымыз бар. Біріншіден, әңгіме тек 2018 жыл туралы ғана болып тұр. Екіншіден, Қайрат Боранбаев қазір «Қайраттың» қожайыны деген ғана атақтан биіктеу саналады. Биылғы жылы ол өзін Жақсыбековке қарағанда жақсырақ көрсетті. Боранбаев чемпионатта легионерлер санын азайтуды ұсынды, клубқа УЕФА президенті Александр Чеферинді (онымен бірге Луиш Фигу келді) қонаққа шақырды, УЕФА-да fair play және әлеуметтік жауапкерлігік комитетінің вице-президенті атанды, ал жыл соңында Кәрі Құрлықтағы ең басты футбол ұйымының (айналымы жылына 5 миллиард еуродан астам ұйым) атқарушы комитетіне өз кандидатурасын ұсынды. Үшіншіден, биыл Боранбаев шынайылықты өзгертіп, тарихқа енді. Ұлттық Кубокта құрамына бірде-бір легионерді қоспай, турнирді жеңіп алғанын ешкім де ұмытпа қоймаған шығар. Клубтар бұрын соңды мұндайды жасап көрмеген еді.
Осы дәлелдеріміз жеткілікті деп ойлаймыз. Бұған «Қайраттың» базасына ел президентінің де келгенін қоса кетуге болады. Бұл 2017 жылдың күзінде болған оқиға еді. Бірақ бұл деректің өзі неге тұрады», - деп жазылған мақалада.
Сондай-ақ, тізімге «экс-қайраттықтар» Андрей Карпович пен Андрей Аршавин енді.