Т. С. Сегізбаев атындағы Академияда «Қайрат» тәрбиеленушілерінің ант қабылдау рәсімі өтті.
Бүгін Тимур Санжарұлы атындағы Академия қабырғасында болған үлкен мерекеге көптеген қонақтар жиналды. Клубқа және «Қайрат» ромбына адалдық антын беру үшін биылғы жылы Академияның сары-қара түстерін түрлі турнирлер мен іс-шараларда қорғаған 30 тәрбиеленуші қатысты.
Академияда ант беру рәсімі – біздің көз алдымызда қалыптасып келе жатқан жыл сайынғы дәстүр. Клуб қатарының кезекті рет толығуы алматылық «Қайраттың» үлкен отбасы үшін маңызды мереке болып табылады.
Алғашқы болып сөз сөйлеуге халық командасының ардагерлері Құралбек Досжанұлы Ордабаев пен Михаил Ильич Гурман шақырылды. Олар жасөспірімдерге футболдағы басты жетістіктің ережелері туралы айтып берді.
Алматылық клубтың Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев жас буынға өз клубының лайықты өкілдері болуын тілеп, қазақстандық футболдың аңызы, бүгінде оның құрметіне «Қайрат» жасөспірімдер Академиясының атауы берілген Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың сөзін айтты:
«Мен үшін кез келген жағдайда клубқа адал болу үлкен құрмет».
Рәсімнің маңызды қонақтары ретінде клубтың негізгі тұлғалары – бас бапкер Карлос Алос, команда капитаны Бауыржан Исламхан мен танымал футболшы Андрей Аршавин қатысты.