«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат»  Қазақстан Кубогын жеңіп, жаңа рекорд орнатты
Қайрат

«Қайрат» Қазақстан Кубогын жеңіп, жаңа рекорд орнатты

28 ноября 2021
/ 12:00
Алматылық «Кайрат» қарағандылық «Шахтерді» пенальти сериясында жеңіп, футболдан Қазақстан Кубогінің иегері атанды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. "Қайрат" сапында 6-шы және 40-шы минутта Вагнер Лав гол соғып, дубль авторы атанды, ал "Шахтер" сапында екінші таймда Михаил Габышев (48-ші) минут және Мартин Тошев (75-ші) минутта гол соғып көзге түсті. 

Қосымша уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Қарағандылықтарды 97-ші минутта Айдос Тәттібаев есепте алға шығарды, "Қайрат" қақпасына пенальти VAR жүйесін тексеруден кейін қойылды. Ал алматылықтар сапынан Артур Шушеначев 110 -шы минутта есепті теңестірді.

Пенальти сериясында алматылықтардың жолы болып, 9:8 есебі тіркелді. Өкінішке орай алматылықтардан Нұралы Әліп пенальти орындай алмады, қарағандылықтардан Ескендір Қыбырай мен Абылайхан Назымханов пенальтиден мүлт кетті. Бірінші болып Рикардо Алвеш пенальти орындай алмаған болатын, бірақ VAR жүйесіндегі төрешілер ойын тәртібі бұзылғанын анықтап, қайта тебуге мүмкіндік берді, және Рикардо қателігін түзетіп, пенальтиді сәтті орындады. Өз кезегінде қақпашымыз Стас Покатилов шешуші пенальти соққысын қайтарып командаға жеңіс сыйлады.

"Қайрат" үшін - бұл Қазақстан Кубогындағы оныншы жеңісі болды. Алматылықтар өз рекордтарын өздері жаңартты. "Шахтер" үшінші рет финалда өнер көрсетті, бір мәрте Кубок иегерлері атанған.

Қайрат - Шахтёр 3:3 (2:0) (9:8)

Голдар: Вагнер Лав 6 (1:0), 40 (2:0), Габышев Михаил 47 (2:1), Тошев Мартин 74 (2:2), Таттыбаев Айдос 97 Д.В. (пенальти), Шушеначев Артур 110 Д.В,

Пенальти сериясы: 9:8

Қайрат: Покатилов Стас (в),(к), Вагнер Лав, Гуральски Яцек, Канте Хосе, Пауло Жоао, Алвеш Рикардо, Баньяк Маки, Поляков Денис, Әліп Нұралы, Оганесян Камо, Вороговский Ян.

Қосалқы құрам: Устименко Данил, Кейлер Сергей, Оганесян Камо, Үсенов Данияр, Буранчиев Арсен, Ульшин Андрей, Әбікен Айбол, Алықұлов Гулжигит, Сейдахмет Еркебұлан, Шушеначев Артур.

Шахтёр: Шацкий Игорь (в),(к), Назаренко Павел, Ламанж Абдель, Граф Иван, Хозин Владимир, Габышев Михаил, Мавутор Дэвид, Букорац Стефан, Рустемович Эдин, Умаев Идрис, Тошев Мартин.

Қосалқы құрам: Трофимец Игорь (в), Карпиков Данила, Қыбырай Ескендир, Наджарян Геворг, Назымханов Абылайхан, Митошевич Вук, Чочиев Алан, Өміртаев Оралхан, Шикавка Евгений, Тәттібаев Айдос.



arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»