«Қайрат» футбол клубы өзінің түлегі – 24 жастағы шабуылшы Артур Шушеначевпен келісімшартты ұзарқандығын қуана хабарлайды.
Жаңа келісім 2024 маусымның соңына дейін есептелген.
Артурдың негізгі құрамдағы дебюті 2017 жылдың тамызында Премьер-лиганың 25-ші турында «Атырауға» қарсы кездесуінде болды. Артур өзінің алғашқы голын 2019 жылдың қазан айында «Тобыл» қақпасына соқты, содан бері бірінші командаға ауыстырылды.
«Қайрат» футбол клубы Артурды жаңа келісімшартпен құттықтап, оған командамен бірге одан әрі өсуді және көбірек соғылған голдар мен жаңа жетістіктер тілейді!