Премьер-лиганың 26-турында қазылық ететін төрешілер бригадасы анықталды.
Осы жексенбіде «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдайды. Бұл кездесуде шымкенттік Жандос Абжан төрелік етеді. Осы маусымда бұл қазы алматылықтардың қатысуымен өткен бір ғана матчта қызмет атқарған болатын. Осы жылдың сәуірінде «Қайрат» Қазақстан кубогының 1/8 финалында сырт алаңда көкшетаулық «Оқжетпесті» жеңген – 5:3.
Оған атыраулық Сергей Калачев пен қызылордалық Төребек Жақсылық көмектеседі. Кездесудің қосалқы төрешісі – Айдын Рахымбаев. Матч инспекторы болып астаналық Қасымжан Мадиев тағайындалды.