«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» – 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері!
Қайрат

«Қайрат» – 2018 жылғы Қазақстан кубогының иегері!

24 ноября 2018
/ 00:00

Турнир бойы қазақстандық құраммен ойнаған «Қайрат» Қазақстан кубогының тоғыз дүркін жеңімпазы атанды!

«Атырау» - «Қайрат» - 0:1

Гол: Соколенко, 15

«Атырау»: Владимир Логиновский (Қ)​ - Эльдар Әбдірахманов (63, Жалмұқан), Юре Обшивач, Ризван Аблитаров, Франтишек Кубик, Қуаныш Қалмұратов (45, Сапаров) - Джозеф Нейн, Марат Хайруллин (К), Эдуард Сергиенко - Предраг Сикимич (84, Родионов), Бабатунде Аденидже.

Резерв: Андрей Пасеченко (Қ) - Ринат Жұматов, Айбар Нұрыбеков, Дәурен Қайраллиев, Юрий Перцух

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) - Александр Соколенко, Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев (74, Люхай), Сергей Кейлер - Айбол Әбікен, Магомед Парагульгов (88, Кривенцев), Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К) - Самат Сәрсенов.

Резерв: Владимир Плотников (Қ), Давид Лория (Қ) - Дарын Сүйінов - Рамазан Оразов, Максим Котов - Вячеслав Швырев, Марлен Айманов.

«Қайрат» финалға дейінгі жол бойы қазақстандық құжаты бар жас ойыншылармен ғана өнер көрсетті. Елордада өткен үлкен матчта жанкүйерлер айтарлықтай көп болмады, бірақ ойын одан көріксіз бола қоймады.

Алғашқы минуттардан «Қайрат» тек жеңіске ойнайтынын көрсетті: матчтың 3-минутында «мұнайшылар» қақпасына он бір метрлік айып соққысы белгіленді, бірақ Бауыржан Исламхан оны пайдалана алмады – Логиновский өз қақпасын құтқарып қалды.

15-минутта алматылықтардың қапталдағы қорғаушысы Александр Соколенко «Атыраудың» айып алаңында сауатты ойнап, матч есебін ашты. Келесі мүмкіндік Сүйімбаевта болды, ол Парагульковтың пасын түйіндеуге тырысқан, бірақ доп қақпадан биік кетті.

Екінші таймға «Атырау» жаңа күшпен шықты. 67-минутта Марат Хайруллин қақпаға баспен соққы бағыттаған, Стас Покатилов жақын бұрышқа ұшқан допты алып шықты. Кейін Георгий Жуков жүз пайыздық мүмкіндікті пайдалана алмады, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы команданың екінші голын соғуға жақын болған, бірақ оған дәлдік жетіспеді.

«Қайрат» соңғы минутқа дейін «мұнайшыларға» есепті теңестіруге мүмкіндік бермей, Қазақстан кубогының тоғыз дүркін иегері атанды!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»