«Қайрат» ФК шабуылшысы Айбар Абдулла футболдан Қазақстан чемпионатының 18-ші туры аясында өткен «Тобылға» (2:3) қарсы матч туралы пікірін айтты.
- Бірінші кезекте біздің клубтың жанкүйерлеріне қолдауы үшін алғысымды айтқым келеді.
Ойынға келер болсақ, матч ауыр өтті. «Тобыл» өте мықты команда, ел чемпионы. Мұндай қарсыласпен ойын оңай болмайтыны анық.
90 минут ойыннан кейінгі нәтиже көңілімізден шықпады, бірақ футболда мұндай жағдай болып тұрады. Міндетті түрде жеңілістен сабақ алып, қателігімізді түзеу үшін жұмыс істейміз.