«Қайрат» ФК шабуылшысы Айбар Абдулла негізгі құрам сапындағы «Ақсуға» (1:1) қарсы дебюттік ойын жайлы пікірін айтты.
- Негізгі құрамда дебют жасағаным үшін өте қуаныштымын. Ертерек шыққым келген, алайда жарақатымның салдарынан 2,5 ай уақыт өткізіп алдым. Сондықтан мүмкіндікті пайдалана отырып, менің тез арада қатарға қосылуыма бар күшін салған мединицалық штабқа алғысымды білдіремін.
«Ақсуға» қарсы матч өте қиын әрі тартысты өтті. Кездесудің соңында ойыншымыздың алаңнан қуылуы ойынды қиындата түсті, алайда біз төтеп бердік. Дебюттік матчта гол соққым-ақ келді, тіпті, мүмкіндігім де болды. Өкінішке қарай, пайдалана алмадым. Бапкерлер штабына артқан үміті мен «Қайрат» сапында дебют жасауға мүмкіндік бергені үшін үлкен алғысымды айтамын.