«Қайрат» және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев 2023 жылға дейін жасалған, жаңа келісім-шартқа қол қойды.
Шушеначев алматылық клуб сапына 2017 жылы ауысқан, алғашында «Қайрат А» сапында ойнады, нәтижелі ойын көрсетіп негізгі құрамға шақырту алды.
2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Артур ішкі біріншілікте 12 гол соқты, кубоктық ойындарда 5 гол және Суперкубоктық кездесулерде 1 голдың авторы атанды.
Маусымның үздік шабуылшысы атанып, С.П.Квочкин атындағы сыйлықты иеленді.
2022 жылғы маусымда Артур 12 ойын өткізіп 1 гол соқты.
Біз Артурды шын жүректен құттықтай отыра, ұжыммен бірге үлкен жеңістерге жетуіне тілектеспіз!