«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫСА ОТЫРАЙЫҚ – «ОРЕНБУРГ» ФК
Қайрат

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫСА ОТЫРАЙЫҚ – «ОРЕНБУРГ» ФК

24 февраля 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі Түркиядағы ОЖЖ-дағы бақылау матчтарындағы қарсыластарымыз туралы ақпарат жинап, сіздерге ұсынуды жалғастырады.
 
«Қайрат» ФК-ның Түркиядағы ОЖЖ кезіндегі соңғы қарсыласы – ресейлік «Оренбург» футбол клубы.
Ресей ҰФЛ-ның ұжымы турнирлік кестеде бірінші орында келеді.

Команда 1976 жылы 1 қаңтарда құрылған. 46 жылдық тарихы бар клуб Ресей Кубогының жартылай финалында 2014-2015 жылдары өнер көрсеткен,
ҰФЛ-дың екі дүркін жеңімпазы (2015-16, 2017-18), және бір мәрте ҰФЛ Кубогын жеңіп алған (2016 ж)

Команда өз алаңындағы ойындарын 7500 адам сиятын «Газовик» стадионында өткізеді.

Бас бапкері 44-жасар чех маманы – Марцел Личка.

Команда капитаны – қорғаушы Андрей Малых, 2010 жылдан бері команда сапында өнер көрсетеді, лсы уақытқа дейін 300-ге жуық матч өткізген.

Transfermarkt порталының анықтамасы бойынша, «Оренбургтың» жалпы құны 11.2 млн.еуроны құрайды. Клубтағы ең қымбат ойыншы ганалық шабуылшы - Жоель Фамейе, (1.2 млн. еуро).

«Оренбург» футбол клубына қарсы бақылау матчы 25 ақпан күні өтеді. Ойынның басталуы Алматы уақыты бойынша сағат 20:00 де. Кездесуді тікелей-эфирде «Қайрат» ФК-ның ресми YouTube-арнасынан және клубтың ресми сайтынан тамашалай аласыздар.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»