«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР – «СОЧИ» ФК
Қайрат

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР – «СОЧИ» ФК

17 февраля 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі бақылау матчтарында кездесетін қарсыластар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

«Қайраттын» Түркиядағы ОЖЖ-да төртінші қарсыласы ресейлік «Сочи» футбол командасы.

Бұл ұжым Ресей Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде қазіргі таңда 3-ші орынға табан тіреп тұр.

«Сочи» футбол клубы 2018 жылы 4 шілдеде құрылған. Команданың құрылуына «Динамо» (Санкт-Петербург) командасының Сочиге көшуі әсер етті. Сочи қаласының кәсіби футбол клубы болмаған, бірақ футбол үшін жағдай жасалған, оның үстіне 46 мың жанкүйер сиятын, заманауи үлгідегі «Фишт» стадионы салынды.

2018 жылы маусымда «Динамо» командасы өз жұмысын тоқтатып, команда тарқап кеткен болатын.

Осылайша, барлық футболшылар мен бапкерлер құрамы жаңа құрылған «Сочи» командасына ауысады.

Команданың иесі Борис Ротенберг болды, ал бірінші бас бапкері әрі капитаны болған – Александр Точилин және Евгений Песегов.

Алғашқы жарыс жолын, тарқап кеткен «Динамоның» орынын басып, Ұлттық футбол лигасынан бастады.

«Сочи» ФК-ның бас бапкері 55-жасар Владимир Федотов, ойыншы әрі бапкерлік мансабының көп бөлігін «Урал» ФК-да өткізген.

«Сочи» тізгінін 2020 жылдан бері ұстап келеді.

«Сочи» ФК-ның капитаны, 34-жасар тәжірибелі қақпашы, мәскеулік «ЦСКА» командасының түлегі – Сослан Джанаев.

Transfermarkt порталының ақпараты бойынша «Сочи» ұжымының құрамы 34.2 миллион еуро. Команданың ең қымбат ойыншысы, 24-жасар колумбиялық шабуылшы Матео Кассьерра.

«Сочи» ФК-на қарсы бақылау матчы 18 ақпанда болады.

Нақты басталу уақытын кейінірек хабарлаймыз.

Ойынды тікелей-эфирде «Қайрат» ФК-ның YouTube-арнасынан және клубтың ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»