Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-Лига командаларының бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізді.
Сауалнаманың қорытындысы бойынша тамыз айындағы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы болып «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин танылды. Андрей сауалнамада 20 дауыс жинаған. Тамыз айында Аршавин ел біріншілі аясында екі гол соғып, үш нәтижелі пас берген