Андрей Аршавин — «Матч ТВ» эфирінде оңтүстік астанадағы мансабы жайында.
— «Қайрат» сапындағы соңғы матчым ба? Ойыннан кейін көңілді және қуанышты болдым. Әрине, «Қайратпен» бірге чемпион болғым келген. Өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Мен тамаша үш жыл өткіздім. Ол жақта мені жақсы көрді. Отбасым да өзін жақсы сезінді. Алматыдан кету қиын болды.