«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Антон Крачковский: Жақсы шабуыл жасадық, мен тек аяғымды қойғаным жеткілікті болды
Қайрат

Антон Крачковский: Жақсы шабуыл жасадық, мен тек аяғымды қойғаным жеткілікті болды

23 августа 2022
/ 06:00

«Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Антон Крачковский «Ақсуға» (2:1) қарсы өткен матч туралы пікірін айтып, «сары-қаралар» сапында соққан дебютті голынан кейінгі әсерін жеткізді. 

- Ойын ауыр болды. «Ақсуға» қарсы матчқа тыңғылықты дайындалдық. Бірінші тайм толық біздің бақылауымызда өтіп, екі жылдам гол соғып үлгердік. Екінші таймда қарсыласымыз сәл басқаша ойнай бастады. Жеңіске жеткеніміз үшін және үш ұпай үшін өте қуаныштымыз. Бұл жеңіс команда үшін өте маңызды, өйткені чемпиондық үшін таласта әрбір ойында жеңіске жету керегін жақсы түсінеміз. Біз үшін әр матч соңғысы секілді, сол үшін де соңына дейін күресеміз.

Бәріңізге құттықтауларыңыз үшін рахмет! Гол соққаннан кейінгі әсер өте керемет. Жақсы шабуыл жасадық, мен тек аяғымды қойғаным жеткілікті болды. Жаңа командамның сапында гол соға алмай жүргеніме уайымдаған едім. Бұл сәтті өте қатты күттім, Құдайға шүкір бұл сәт те келді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»