«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Антон Крачковский клуб баспасөзіне берген сұхбатында, «Махтааралға» қарсы өзінің алматылықтар сапындағы дебюттік ойыны жайлы ойымен бөлісті.
- Мен жеңіске жеткенімізге, 3 ұпай еншілегенімізге және өз жанкүйерлерімізді қуантқанымызға өте қуаныштымын. Дебюттік ойыным өте керемет өтті, бірінші рет мұндай жоғары деңгейде ойнап тұрмын. 2-ші ҰФЛ және Қазақстан біріншілігін салыстырар болсам, бұл жерде деңгей жоғары және доппен жылдам жұмыс істеуің қажет, осы ерекшеліктері өзіме бірден байқалды.
- Сен маусымға дайындықты «Қайратпен» бірге өткіздің, бүгін ресми ойынға қатыстың. Ресми ойындағы қысым, деңгейінің жоғарылығы сезілді ме?
- Әрине қысым және деңгейдің өте жоғары екендігі бірден сезіледі. Маусым алдындағы дайындық ойындарында қателік жіберуге болады, және алдағы уақытта оны түзете аласың, ал ресми ойында оған жол жоқ. Біздің алдымызда нақты мақсаттар бар және әр ойында максималды түрде ұпай жинауымыз қажет.