«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Антон Крачковский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының 6-туры аясындағы «Астанаға» (0:3) қарсы ойын туралы пікір білдірді.
– Антон, жеңіс құтты болсын! Ойын туралы пікірің қандай?
– Ойын өте қиын болды. Біз Астананың күшті және әлсіз жақтарын мұқият талдадық. Өзіміз қалағандай ойнап, соңында үш ұпайға қол жеткіздік.
– Бұл матчқа бапкерлер штабы қандай міндеттер қойды?
– Екінші аймақта прессинг жасап, жылдам қарсы шабуылға шығу.
– Өзің «Астананы» 3:0 деген ірі есеппен жеңеміз деп ойладың ба?
– Біз әрқашан жеңіске жетуді мақсат ететініміз анық, бірақ 3:0 болады деп ойламадық. Бұл матчта жеңіске жетіп, жай ойнап жүрмегенімізді дәлелдегіміз келді. Біздің құрам – жас. Ең алдымен, біз өзімізге қолымыздан келетінін дәлелдегіміз келді.
– Жеңіс қолда екенін қай сәтте сезіндің?
– Мұны үшінші гол соққанда түсіндік. Бірінші голдан кейін де, екіншісінен кейін де жүз пайыз сенімділік болмады. 1:0, 2:0 – екеуі де өте сенімсіз есеп. Біз аса мән беріп ойнап, үшінші голдан кейін ғана жеңіс біздікі екенін түсіндік.
– Келесі ойындарға дайындық қалай?
– Дайындық – керемет. Үйде жеңіске жетуге тырысуымыз керек, әйтпесе өз алаңымызда әзірге тек бір-ақ жеңісіміз бар. Біз жанкүйерлерді қуантқымыз келеді. Олар келіп, бізді қолдай берсін. Біз олардың көңілінен шығып, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.