«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Антон Крачковский «Каспийге» қарсы ойын жайлы және командаға бой үйренісуі туралы, өз ойымен бөлісті (1:0).
-Өте қиын матч болды. «Каспий» допқа жақсы иелік етті. Біз олардың ойын тактикасын түгелдей зерттедік, мықты және әлсіз тұстарын анықтадық. Әрине, бұдан да көп гол соға алатын едік, себебі бізде жақсы мүмкіндіктер көп болды. Бірақ ең бастысы нәтиже, біз үш ұпай еншіледік.
- Ауа-райы ойынға қолайсыздық туғызды ма?
- Жоқ, еш қолайсыздық туғызбады. Біз кәсіби футболшы болғандықтан, қарлы, жаңбырлы ауа-райы болсын еш айырмашылығы жоқ, әрқашан ойнауға дайынбыз.
- Командаға бейімделу қалай өтуде?
- Бейімделу уақыты жақсы өтуде. Толықтай командаға сіңіп кеттім десем де болады. Командаластарым жақсы көмектесуде, бапкерлер сенім білдіруде, сондықтан бәрі жақсы.
Рафаэль Уразбахтин: «Менің арманым орындалды»
20 ноября 2024
/15:48