«Қайрат» ФК-ның жартылай қорғаушысы Антон Крачковский клуб баспасөзіне, Қазақстан біріншілігінің 7-туры аясында «Тұранға» қарсы өткен матч туралы өз пікірімен бөлісті (0:1).
- Ойын өте қиын болды, десем болады. «Тұран» біздің алаңымызға, соңына дейін айқасу үшін келетіндігін жақсы білдік. Қарсыласымыз турнирлік кестенің төменгі сатысында тұрғандығына қарамастан, түркістандықтар жақсы қарсылық көрсетті. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды, бірақ кей сәттерді, сәтті түйіндей алмадық.
- Жарақатыңа байланысты, «Тобылға» қарсы ойнамадың, қазір өзіңді қалай сезінесің? Жарақатыңнан толық айықтың ба?
- Иа, қазір жарақатымнан айықтым және 100 пайыз командаға көмектесе аламын. Клуб дәрігерлеріне, мені аз уақыт ішінде, қатарға қайта қосқандарына алғысымды білдіргім келеді.