«Қайрат» Академиясының талантты түлектерінің бірі Андрей Ульшин «Қызыл-Жар СК» жастар командасын жеңуге өз үлесін қосты. Андрей клубтың баспасөз-қызметіне команданың ойыны мен маусымдағы соңғы матчы жайында айтты.
- Ойын ерекше ауа-райы жағдайында өтті. Матч тартысты болды. «Қызыл-жар» қорғаныста сауатты ойын көрсетті, бірақ біз өзіміздің мүмкіндіктерімізді пайдаланып, маңызды голдар соқтық. Көкшетаудағы матч мен үшін өте маңызды болады, себебі өзімнің туған қаламда ойнаймын, ойынға туыстарым мен достарым келеді. Біз тек жеңіс үшін ойнаймыз, маусымды жақсы нотада аяқтағымыз келеді.