«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Ульшин: «Матч ауыр болды»
Каталог Новостей

Андрей Ульшин: «Матч ауыр болды»

16 октября 2018
/ 00:00

«Қайрат» жастар командасының жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин қостанайлық «Тобылға» қарсы өткен ойында жеңіс голдың авторы атанды. Футболшы клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірін айтып берді.

- Ауыр матч болды. Ауа-райы ойынға өз әсерін тигізді. Алайда біздің команда соңына дейін күресіп, қажетті нәтижеге қол жеткізді.

- Қарсыласымызды 1:0 есебімен жеңдік. Алайда өз алаңымызда өткен ойында өкінішті жеңіліске ұшыраған болатынбыз. Кеткен есені қайтарғыларың келді ме?

- Біз үшін бұл ойын маңызды болды. Өйткені өз алаңымызда жеңіліп қалған едік. Команда алаңға тек жеңіс үшін шықты. 

- Алаң ортасынан қалай гол соқтыңыз? 

- Қалай айтарымды білмеймін. Допқа иелік еткен соң қақпашының алдыға шығып кеткенін көрдім. Сол үшін соққы жасадым. Данил Устименко үйреткендей тептім (күледі). 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»