Талантты жартылай қорғаушы «Зенитке» қарсы жолдастық матчта бірінші команда сапында дебютін өткізген болатын, бұл бекер емес. Маусым қорытындысы бойынша, Андрей Ульшин 36 матч өткізді, Instat-тағы орташа ұпайы жоғары – 200.
Маусымның тағы бір ашылуы болып жас қақпашы Дінмұхамед Жомарт танылды, оның индексі 199 ұпай. Сонымен қатар, қақпашымен қатар екінші позицияны жартылай қорғаушы Әліби Тұзақбаев бөлісіп тұр, оның еншісінде InStat индексінде 199 ұпай бар.