«Қайраттың» бас бапкері қызметін атқарушы Андрей Карпович «Ордабасыға» қарсы жеңісті матчынан кейін өз пікірімен бөлісті.
– Бірінші кезекте өзіміздің жас ойыншыларымызды, сондай-ақ, бүкіл клубты азулы қарсыласпен матчтағы өте ауыр жеңіспен құттықтағым келеді. Матч өте қызық болды, нағыз кубоктық ойын. Екі негізгі, екі қосымша тайм, сонымен қатар, матчтан кейінгі пенальти сериясы – матч жанкүйерлер үшін қызық болды деп ойлаймын.
Жігіттер ойынға дейін айтылған нұсқауларды орындады. Біздің клубымыз осындай айтулы матчтарда ойнауға мүмкіндік беріп, өзінің жас футболшыларын қалай тәрбиелеу керек екенін көрсетті. Жігіттер не істегенін әлі толық түсіне қойған жоқ. Бұл клуб шешімі – өзіміздің тәрбиеленушілерімізбен және жергілікті футболшылармен ойнау. Финалға жолымызды жалғастырамыз – бұл біздің мақсатымыз. Құрам қандай болса да, алдымыздға ең жоғарғы мақсаттар қоямыз.
– Бұл матчқа жастар құрамын шығару кімнің шемшімі болды?
- Жергілікті әрі жас футболшыларға осы атмосфераны сезінуге мүмкіндік беру үшін клуб басшылығы осылай шешті. Мұндай матчтардан тәжірибе алып, спортшы және футболшы атанасың. Біз екі турнирге ойнап жатқанымызды ұмытпаған жөн – Қазақстан чемпионаты мен кубогы.
– Алдағы матчтарда да жастар ойнай ма, әлде негізгі құрам ба?
– Бұл туралы әзірше ештеңе айта алмаймын. Алдағы сапарымызды жалғастырамыз, ойыннан ойынға. Қазір өте қиын болады деп айтса да, бұл жігіттер әлі де ойнай беруге лайықты. Шешімді, әрине, клуб шығарады, бірақ ол өзгереді деп ойламаймын.