«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Карпович: «Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды»
Қайрат

Андрей Карпович: «Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды»

03 ноября 2018
/ 00:00

«Қайрат» бас бапкерінің қызметін атқарушы Андрей Карпович «Астанаға» қарсы матч нәтижесі жайында ойын айтты.

- Матч көрермендер үшін қызықты, ал бапкерлік штаб үшін ақпаратты болды деп ойлаймын. Гол соғатын мүмкіндіктер көп болды, ойын жақсы әсерде қалдырды. Біз өзіміздің осал және мықты тұстарымызды көрдік. Бұл алдағы жұмысымызда көмектеседі.

- Бұл екі команда үшін де маңызды матч болды ма?

- Әрине. Біз үшін өте маңызды матч болды. Чемпионмен ойын – қашан да қызық, футбол деген осы. Біз бұл матчты күттік, дайындалдық. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы ойындар қашан да маңызды.

-  Бапкер ретінде, ойынның маңызды сәттерін айтсаңыз. Өзіңіз үшін не түртіп алдыңыз?

- Азулы қарсыласпен ойындағы нақты сәттерді салыстырдық. «Астана» ойыншыларының жеке шеберліктерін атап өтер едім. Ақпарат тұрғысында біздің футболшылар жоғары деңгейде ойнай алатынын түсінеміз. Ең маңыздысы, біз идеяны көрдік. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»