«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Каропович: «Мен жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді»
Қайрат

Андрей Каропович: «Мен жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді»

11 марта 2020
/ 11:00

«Оқжетпес» командасының бас бапкері Андрей Карпович «Қайратқа» қарсы өткізген ойын туралы өз ойымен бөлісті.

- Біздің команда бүгін стадионға «келмеді» деп ойлаймын. Мен ұялып тұрмын, жанкүйерлерімізден осындай нәтиже үшін кешірім сұрағым келеді. Өкінішке орай, футболда мұндай жағдай да орын алады.

- 16-шы минутқа дейін командалар тең дәрежеде ойнады, бірақ жіберіп алған голдан кейін сіздің командаңыз шашылып қалды десе де болады.

- Қазір бәрін айтуға болады. Әрине, біз үшін бұл соққы болды. Жалпы, иә біз шашылып қалдық, оны мойындауымыз керек. Қазір ойынға баға беру өте қиын. Бастапқыда КАМАЗ бен Мерседес кездесті, біріншісі екіншісінен жақсы бола алмайды. Ия, мүмкін КАМАЗ Мерседесте үлкен ақаулар болған жағдайда жақсы болуы мүмкін, бірақ бүгін мен бұл ақауларды байқамадым.

- Абат Аймбетовтың ойынына жеке дайындалдыңыздар ма?

- Әрине, бізде жоспар болды. Біз Абаттың мықты қасиеттерін білеміз. Ол өте мобильді, жылдам және агрессивті шабуылшы. Әрдайым қорғаушыларды артта қалдырып, ашылады. Оның қандай қасиеттерге ие екенін түсініп, оларды жоюға тырыстық. Бұл ойында тек Аймбетов қана басты тұлға болды деп ойламаймын. Барлық команда жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Сондай-ақ, біздің сәтсіздікке ұшырағанымызды тағы да мойындауымыз керек.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»