13 қаңтар күні «Қайрат» ұжымының ойыншылары мен бапкерлік құрамы оңтүстік астанаға жиналды.
Тереңдетілген медициналық тексеру және ойыншылардың функционалды жағдайын тексеру жоспарланған.
Бұл жылы Алматы қаласындағы «Қайрат» ФК-ның базасында өтетін бірінші жиынға, негізгі командамен бірге «Қайрат-Жастар» және «Қайрат-Мәскеу» ұжымдары келіп қосылды.
Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев «Қайрат» ФК-ның ойыншылары және бапкерлік құраммен бірқатар жиналыстар өткізді.
Кездесуде ойыншыларға 2022 жылғы маусымға арналған бапкерлік құраммен таныстырды.
Сөз соңында, Қайрат Советайұлы барлығына алдағы оқу жаттығу жиындарына сәттілік және жақсы нәтиже көрсетуге тілектес екенін жеткізді.
Оқу жаттығу жиындарына арналған команда құрамын алдағы уақытта ресми парақшаларымызда жариялайтын боламыз.