«Қайрат» командасының бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Ертіске» қарсы ойында жеңіске жеткенге командасына алғысын білдірді.
- Біз ойынның оңай болмайтынын білдік. Әсіресе бейсенбі күні өткізген ойыннан кейін. Барлығы оны көрді. Біз «Хапоэльмен» ойында өте жақсы әрекет еттік, өкінішке орай турнирден шығып кеттік. Алматыдағы матчтан кейін бізде алда 13 матч бар екенін талқыладық. Олардың әрқайссысы бізге 13 финалдық ойын. Бүгін біз жеңіске жеттік. Мен біздің ойыншыларға өте ризамын. Жігіттер мінез көрсетті. Біздің алғашқы жұмыс күнімізден бастап олар күресуге дайын екендіктерін көрсетті. Біз осыған қуаныштымыз. Енді бұл ойынды тезірек ұмытып, сырт алаңдағы «Таразға» қарсы ойынға дайындалу қажет. Ойыншыны алаңнан қуған эпизод жайлы пікір білдірмеймін. «Ертіске» Премьер-Лигадағы орнын сақтап қалуды тілеймін. Біз Павлодарға тағы да келетінімізге сенімдімін. Рахмет!