«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Маңызды жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымын»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Маңызды жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымын»

11 марта 2020
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Оқжетпеске» қарсы өткізген матчты қорытындылап, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Көп сөйлегім келмейді. Андрей Карповичке және «Оқжетпес» командасына, осы матчты бүгінгі күнге ауыстыруға келісім бергеніне рахмет. Маңызды жеңіске қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Алдыда бізді осы маусымда бірінші рет сырт алаңда, Қостанайда өтетін «Шахтерге» қарсы кездесу күтіп тұр. Сондықтан да тез қалыпқа келіп, ойынға дайындалу керек. Андрей мен оның командасына сәттілік тілеймін.

- Ауыстырулар қандай мақсатта болды? Сіз футболшыларға ойын тәжірибесін ұсынғыңыз келді ме, әлде бұл қандай да бір тактикалық өзгерістер ме?

- Еркебұлан Тұңғышбаевты ерте ауыстырған себебім, өткен жиындарда көп ойын уақытын алғанына байланысты болды. Сондай-ақ, ол «Таразбен»болған матчта 90 минут бойы өнер көрсетті. Мен матчтың алғашқы уақытында кімді шығаратыныма сенімді болмадым – Еркебұлан немесе Гүлжигит Алыкулов, бірақ кейін бірінші болып Еркебұланды шығаруға шешім қабылдадым. Түркиядағыекінші ОЖЖ жіберіп алған, қазір жүз пайызға дайын емес Косовичті ауыстырдым. Дегенмен де, «Таразбен» болған матчта ол барлығынан көп жүгірді. Мен жоғарыда аталған футболшыларға демалуға мүмкіндік бердім, себебі жексенбі күні жасанды жабында ойын өткіземіз. Аздаған жарақаттан кейін Эсеоланың қайтып келгеніне қуаныштымын. Ол өткен маусымда біздің үздік бомбардиріміз болды, мен оған сенім артамын. Абаттың екі доп соққанына қуаныштымын. Біздің командада мықты бәсекелестік.

- Айымбетов өз мүмкіндіктерінің шыңында ма, немесе тағы да қоса ма?

- Әзірге оның шыңы қайда екенін білмеймін. Біз осыны анықтау үшін оны сатып алдық. Мен оның бізге ауысуына бар күшімді салдым. Оның денсаулығында аздаған ақаулар болғанын білдік, бірақ ол оларды жеңе білді. Абат– керемет мінезді, тамаша жігіт, әрдайым көңілі көтерінкі жүреді және әр жаттығуда барын салады. Голдар–оныңжақсы жұмысының нәтижесі.

- Ол екінші пенальтиді соққысы келді ме?

- Менің әріптесім стандарттарды кім орындайтынын шешеді. Мен оған сенемін. Біз, әрине, мұны бірге талқылаймыз, кімнің дайындығының жақсы екенін қараймыз. Мен «Қайратқа» келгенде, ойынның бесінші кезеңін – бұрыштамаларды, айып добын орындауды және басқа да стандартты жағдайларды пысықтайтын боламыз деп айтқанмын. Ойын жүрмейтін кездер де болады. Сол кезде стандарттар одан да көп мәнге ие болады. Біз үшін бұл өте маңызды фактор, оның үстіне бізде баспен жақсы ойнайтын Дугалич, Әліп, Шушеначев, Эсеола, Әбікен сияқты ойыншылар бар.

- Гүлжигит Алыкуловтың ойынына өз пікіріңізді білдірсеңіз.

- Гүлжигитті негізгі құрамда шығарам деп ойладым, өйткені оның «Оқжетпес» қорғанысын әуреге салатынын білдім. Алыкулов өзінің техникалық жабдықталуының арқасында қарсыласқа қиындық тудырады, әсіресе, биік және аз қозғалатын қорғаушыларға. Ол алаңға шығысымен осыны дәлелдеді. Ол қарсыласты жеңіп, пенальти тапты, содан кейін тапқан фолы айып добын әкелді. Мен одан осыны күттім. Ол прогресс жасауда, бірақ оның біздің стильге бейімделуі үшін уақыт қажет. Басында оған өте қиын болды, қазір ол бәрін түсініп және ұжымдық ойынға үйреніп келеді. Ол жарқын болашағы бар талантты жігіт.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»