«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Команда мінез көрсетіп, соңғы ысқырыққа дейін берілмеді»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Команда мінез көрсетіп, соңғы ысқырыққа дейін берілмеді»

26 июля 2019
/ 11:00

- Алғашқы минуттар жүйкені тоздыртты. Команда алаңға, стадионның атмосферасына, температураға бейімделу керек болды. Өзіміздің қақпамызға пенальти алу қиынға соқты. Бұл бірінші таймның шешуші сәті болды. Ол жерде шынымен, ойын бұзу болды ма білмеймін. Біз тез арада ойынға қа                                                  йта оралып,жинақы әрекет еттік. Біз қарсыластарға қарағанда, анағұрлым агрессивті ойнадық, маңызды допты ұстап қалулар, ауысулар.Бізге тек дәл қортындылаушы соққы жетіспеді. Бізде болмашы сәттерден жақсы шабуыл жасайтын мүмкіндіктер болды. Біз үзіліске дейін, есепті теңестіруге жақын болдық.Үзілісте біз схеманы өзгертіп, екі шабуылшымен ойынға ауыстық. Екінші жартысында біз басынан мықты әрекет еттік, бұл әрине «Хапоэль» қақпасының алдындағы сәтке әкелді. Өкінішке орай біз қарымта шабуылды жіберіп алдық. Екінші гол әрине кері әсерін тигізді. Ойындағы допқа қарсы дисциплинаны,бақылауды жоғалтып алдық. Жинақылық жоғалды. Бұған қарамастан, команда мінез көрсетіп, соңғы ысқырыққа дейін берілмеді. Біз бүгін гол соққымыз келді. Бүгін біз ереже бойынша гол соқтық деп есептеймін. Мен тұрған жерден қарғанда қолмен ойын болмады. Бұл тағы бір матчтың маңызды жері. Біз бірінші ойынды жеңілдік, бірақ алда уйдегі жекпе-жек бар. Қазіргі сәтте бізге қалыпқа келіп, «Орталықтағы» ойынға жақсы дайындалу қажет. «Хапоэльді» Қазақстанда күтеміз. Біз күресеміз.

Қалай ойлайсыз, «Хапоэльге» Алматыда ойнау қиын бола ма?

- Олар үшін өзгеше климат болады, сол үшін де сіздердің командаларығызға қиын болады. Онымен қоса сіздерді де ұзақ ұшу күтуде. Біз бүгінгі матчқа талдау жасаймыз, қатемен жұмыс жасаймыз. Жауап ойында басқаша ойын болады.

- Сізге стадионның атмосферасы ұнады ма?

- Ия, стадионда болған атмосфераға көп рахмет. Бұл жерде ойнау ұнады. Өкінішті, барлығы ойдағыдай болмады. «Хапоэльді» жақсы нәтижеге жеткенімен құттықтаймын. Жылы қарсы алғандарыңызға рахмет. Сіздерді Алматыда күтеміз.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»