«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский командаға таныстырылды
Клуб жаңалықтары

Алексей Шпилевский командаға таныстырылды

25 ноября 2018
/ 00:00

«Қайраттың» спорт базасында басшылық, бапкерлік штаб пен ойыншылар арасында кездесу өтті.

Бүгін клубтың жаттығу базасының баспасөз-залында негізгі команданың жаңа бапкерлік штабы таныстырылды. Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев командаға жаңартылған бапкерлік штабты таныстырды, команданың бас бапкері Алесей Шпилевский атанды, оған көмекшілері – Христос Пападопоулос пен Томми Яниген.

Алексей Шпилевский команда алдында сөз сөйлеп, Қазақстан кубогының финалындағы жеңіспен құттықтады.

Алексей Шпилевский – беларусьтік маман, бұған дейін германиялық «Штутгарт» пен Беларусьтің түрлі құрамаларында өнер көрсеткен. 2011 жылы Германияда бапкерлік категория алып, «Штутгарт» Академиясында бапкерлік мансабын бастады. 2013-2018 жылдар арасында «РБ Лейпциг» Академиясында бапкер қызметін атқарды. Шпилевскийдің соңғы клубы беларусьтік Брест қаласының «Динамо» клубы болды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»