«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Өкінішке орай төреші Елдосты алаңнан шығарды. Менің ойымша, осы сәт ойынның құрдымға кеткен кезі болды.
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Өкінішке орай төреші Елдосты алаңнан шығарды. Менің ойымша, осы сәт ойынның құрдымға кеткен кезі болды.

01 августа 2019
/ 11:00

«Қайрат» ФК-ның  бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі міндетті баспасөз мәслихатында «Хапоэльге» қарсы ойын туралы өз ойын айтып, төрешіліктің деңгейіне баға беріп және де БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Біз келесі кезеңге өте алмағанымызға көңіліміз түсіп тұр. Бұл жайтқа себеп бар. Басты себеп емес әрине, бірақ  екі матчтың нәтижесіне әсер етті. Мен төрешілік жайлы айтып отырмын. Бірінші матчта да және бүгін. Менің ойымша, біз айтқан сөзімізде тұрдық: бірінші секундтардан бастап қарсыласқа қарсы күрестік. Біз қонақтарды барлық жағынан басып оздық, толық емес құраммен де олардан жақсы көріндік. Жігіттер физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған. Бізде мүмкіндіктер болды, өкінішке орай бұл жолы да көп гол соқпадық. Өкінішке орай, Қазақстандық клубтарды ешкім Европада көргісі келмейтінін түсіндім. Бұл өрескел естілсе де, бұл факт. Жігіттерге тезірек қалыпқа келу керектігін айттым. Демалыста бізді «Ертіске» қарсы чемпионаттағы маңызды ойын күтіп тұр. Мен жігіттерге біз Еуропаға қайта оралатындығымызды айттым, бірақ Еуропа Лигасына емес, Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде ойнау үшін. Бұл команданың ойыны, өз-өзін көрсетуі чемпион болуға лайықты. Күресеміз, чемпион болуға тырысамыз.

 - Ахметовты алаңнан шығарар алдында, Политевич алаң сыртында ойынға шығуға дайындалып жатты. Сіз Ахметовты Политевичке ауыстырғыңыз келді ме? Себебі біз Елдостың ақсаңдап жүргенін байқадық.

- Ия, мен Елдосты ауыстырғым келді. Регламент бойынша егер де сен ойын тәртібін бұзсаң, ал доп қарсыласта болса, қарсылас сол сәттегі ойынды ойнап болғанша ойын тоқтатылмайды. Мен сол сәтті күтіп, Ахметовты Политевичке ауыстырғым келді. Өкінішке орай, төреші Елдосты алаңнан шығарды. Менің ойымша, осы сәт ойынның құрдымға кеткен кезі болды. Оған қоса, олар гол соққан кезде қапталдағы төреші офсайд болғанын көрсетті, ал бас төреші оның шешімін қабылдамады. Несін айтасың, дәл осындай жағдай бірінші матчта да болған, біздің кез-келген соқтығысуға сары қағаз көрсетілді. Төрешілер матч алдында командалардың ойын стильін сараптайды ма, білмедім. Бізде агрессивті, жылдам және де динамикалық стиль екені түсінікті. Соқтығысу әрине бар, бірақ әр күреске сары қағаз көрсету керек пе?

-Сіз Ахметовтың алаңнан шығарылғанымен келісесіз бе?

 - Мен келіспеймін. Мен екінші сары қағазбен келісуім мүмкін, бірақ бірінші сары қағазды бірінші таймда Елдосқа не үшін бергенін түсінбеймін.

 - УЕФА протоколында Қуат 36 және 90-минутта сары қағаз алды деп көрсетілген. Бірақ ойынды жалғастырды.

- Бұл жерде төрешілік жайлы тағы не айтуға болады...

 - 2003 жылы Марат Измайлов москвалық «Локомотив» құрамында ойнап жүргенде, матч барысында екі сары қағаз алған, бірақ төреші оны алаңнан шығармады. Сосын бұл матч қайта ойналсын деген шешім қабылданды.

 - Егер де осындай қателік орын алса, біз ойынның қайта ойналғанына қарсы емеспіз.

- Алаңнан ойыншыны шығарғаннан кейін сіз қапталда тұрып біраз жаздыңыз. Ол жерде не жазылды?

 - Ойынға дейін ойын схемасын басым шабуылға аустырған жағдайда, менде план «B», план «С» болған. Бізде жоғалтатын ештеңе жоқ. Менің толық емес құраммен ойынға дайын емес болғаным түсінікті, бірақ мен басым шабуылмен ойнауға дайын болдым. Мен, ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін біздің бәрібір үш шабуылшымен ойнайтынымызды түсіндім.

 - Қайрат Боранбаев матчтан кейін киім ауыстыратын бөлмеге кірді. Ол не айтты?

- Жақсы ойынға рахметін айтты. Бастарыңды түсірмей, дәл осындай қарқынмен чемпионатта ойнаңдар деді.

 - Сіз кеше бізге ертең ең үздік «Қайратты» көресіңдер деп айттыңыз. Ойыншылардың алаңнан қуылғанын есептемегенде, сондай ойынды көрсете алдыңыз ба,?

- Ия, егер де біз аяғына дейін 11-ге 11 ойнағанда, мүмкін. Мен қарсыластың 30-минуттан кейін бәсеңдегенін байқадым. Сондықтан да мен  екінші таймда екінші, үшінші, төртінші голды соғатынымызға сенімді болдым. Толық емес құраммен біз қысым көрсеттік, бізде допты алып қоюлар, ауысулар, гол соғатын мүмкіндіктер болды. Жігіттер кері шегінбей, жігерлі мінез көрсетті. Бұл дегеніміз олардың біздің қойылған талаптарға сай екенін, алдыға қарай үлкен қадам жасағанын білдіреді.  

- Сізге қарсыластың ойын шартын бұзуға тез берілетін ойыншыларды әдейілеп итермелегені байқалды ма?

 - Киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге эмоцияларыңды басып, ақылмен әрекет ету керектігін айттым. Себебі, көбісінде сары қағаздар болды. Ғафуржанның эмоционалды, темпераментті жігіт екенін білеміз, одан ол қасиеттерін алып қоя алмайсың. Осы сәтте Ғафуржанда барлығы жиналып түрған еді.

-Қазақстан чемпионатында «Қайрат» секілді алдыңғы қатардағы клубтарға осы секілді жағдайларға кешіріммен қарауға үйреніп қалғандаймыз деп ойламайсыз ба?

- Бізге анық кешірмейді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»