«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: "ертең үлкен футбол мерекесін жасағым келеді»
Қайрат

Алексей Шпилевский: "ертең үлкен футбол мерекесін жасағым келеді»

24 июля 2019
/ 11:00

Қайраттың бас бапкері ойын алдындағы баспасөз конференциясында, команданың дайындығы, жеңіске деген құштарлығы және деертең үлкен футбол мерекесін жасағысы келетіндігі жайлы айтты.

- Біз «Хапоэльдің» терең дәстүрі бар команда екенін білеміз. Сіздердің бапкерлеріңіз команда да төртінші жыл жұмыс істеуде. Бұл уақыт ішінде ол команданы Еуропа Лигасының топтық кезеңге дейін жеткізген. Барак Бахардың командамен Чемпиондар Лигасында да ойнаған тәжірибесі бар.Бізді ертең үлкен ойын күтуде. Бұл өте қызық ойын болады.Біз қарсыластарды зерттедік. Біз сіздердің командаларыңыздың құрамы жаңарғанын білеміз. Ертең барлық жанкүйерлерге үлкен футбол мерекесін жасағым келеді.Келесі кезеңге өту үшін, біз нәтижеге жеткіміз келеді. Түсінікті, оңай болмайды, бірақ біз дайынбыз.

Сізге қандай нәтиже қолайлы?

 - Біз жеңіс үшін ойнаймыз, бір аптадан кейінгі жауап ойында да.

- Сіздің Еуропа Лигасында тәжірибеңіз аз. Ол сізге кедергі болмай ма?

- Тәжірибе –салыстырмалы түсінік. Мен он екі жасымнан бастап жаттықтырамын. Тәжірибе біліммен бірге маңызды. Тек тәжірибе жеткіліксіз. Білім қажет, білімді өмірде пайдалана білу қажет.

 - Көбісі «Қайратты» ертеңгі матчтың фавориты санайды? Сіз қалай ойлайсыз?

 - Жоқ, ертеңгі матчта біздің команда фаворит болады деп, айтпас едім. «Хапоэль» үшін өз  трибуналары, ауа райы. Біз кімнің фаворит екендігіне қарамаймыз. Біз жеңіске жету үшін, барлық күшімізді салып, өз футболымызды ойнаймыз және де біз мықты қарсыласқа қарсы еуропалық  деңгейде өзімізді  көрсетеміз.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»