«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Біз қарсыласты барлық параметірлер бойынша басып оздық»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Біз қарсыласты барлық параметірлер бойынша басып оздық»

21 июля 2019
/ 11:00

 «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский өз командасының сенімді жеңісі туралы өз пікірін білдірді.

-Бүгін «Қайрат» жігерлі жеңіске жетті. Бізге өткен ойындардағы Қостанайлықтармен  болған екі рет жеңілістен кейін, «Тобылдан» реванш алу маңызды болды. Әсіресе, Кубоктық матчтағы жеңіліс. Бүгін ойыншылардың мақсаты тек жеңіс еді. Оларды жеңіске бағыттаудың қажеті де болмады. Олар тағы да өздерінің мінездерін, жеңіске деген жігерлерін, физикалық дайындықтарын көрсетті. Біз бүкіл параметірлер бойынша қарсыластардан басып оздық. Мен бұған риза болдым. «Тобылға» бұл қиын сәтте сәттілік тілеймін.

-Сіздер ненің арқасында жеңіске жеттіңіздер? Қостанайлықтардың  ойынға нашар бапталуынан немесе сіздің командаңыздың керемет бапталуынан?

-Біз бірінші таймда көп гол соғуымыз керек еді. Біз қарсыластардың бес қорғаушымен қорғанатынын білдік. «Қайсармен» ойындағыдай, жылдам ауысулар көмегімен ойнау керек екендігін білдік. Бүгін біздің команда биікте болды. Мен, бұл ойында үш ұпай алатындығымызға бір секундқа болса да  күмәнданбадым.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»