«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Бүгін ең жақсы прессинг болмады»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Бүгін ең жақсы прессинг болмады»

31 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Шахтерге» қарсы ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.

- Мені ойын емес, есеп қуантты. Әсіресе бұл ұжыммен допты тартып алу. Бүгін ең жақсы прессинг болмады. Сондықтанда кішкене қаяу қалды. Бірақ біз үш ұпай жинадық. Мен қайталансам да, бірақ айтайын, егер біз өзіміздің ең жақсы қасиеттерімізді көрсетсек, онда  өз есімдерімізді тарихта қалдыруға мүмкіндік бар. Шынымды айтсам, мен «Шахтердің» жанкүйерлерінің бірімін. Сіздердің бапкерлеріңіздің ойынды құрастырғаны ұнайды. Сіздің өз суретіңіз, өз ойын идеяңыз бар. Қазақстанда мұндай командалар аз. «Шахтерге» алдағы уақытта табыс тілеймін.

 - Сіз жылдам гол ойынды жасады деген пікірмен келісесіз бе. Яғни, бірінші гол «Шахтер» командасына қатты әсер етті ме?

- Сен бірінші гол соққан кезде ол әрдайым жақсы әсер етеді. Менің ойымша, сен бірінші гол соқсаң, онда қарсыласты соңына дейін шабуылдау керексің. Ол алға шабуылдауға ұмтылады осыны пайдалану керек. Біз оны пайдаланбадық. Бастаманы қарсыласқа беріп қойдық. Сол үшін менің бірінші таймға көңілім толмады.

Бүгін футболисттер бір-бірімен емес, көгалмен көбірек күрескен жоқ па?

- Иә, алаң ауыр және тайғақ болды. Түнде жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Бірінші таймда біз желге қарсы ойнадық, үзілістен кейін қарлыластар.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»