«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Алда әлі 11 финал бар»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Алда әлі 11 финал бар»

11 августа 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Таразға» қарсы ойын жайлы ойымен бөлісті

- Біз бұл жерде өте маңызды және көп еңбектенген жеңіске жеткенімізге мен өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен бұл матчтан сескендім. Күресетін командалармен ойнау әрқашанда оңай болмайды. Олар соңына дейін күреседі. Біз бұған дайын болуымыз керек еді. Өткен аптада біз Павлодарда нашар алаңда ойнадық. Қазір біз басқа ойыншыларды шығардық. Қайтадан ойыншыларды ауыстырдық. Сол үшін де бүгін жеңіске жету маңызды болды.  Жеңіс толығымен бізге лайық болды, бірақ тіптен оңай болмады. «Таразға» мен сәттілік, және де премьер лигадағы орнын сақтап қалуын тілеймін. Бізді арықарай  күресулер күтіп тұр. Алда әлі 11 финал бар. Келесі аптада тағы сырт алаңдағы ойын. Біз оған дайын боламыз.

- Сіз жергілікті сүйіктілердің ойындарын қалай бағалайсыз, яғни Бауыржан Исламхан мен Еркебулан Сейдахметтің?...

-Бұл матч олар үшін маңызды болатынын біз білгенбіз. Ойынға олардың туысқандары, жақындары келді. Сол үшін ойын оларға эмоцияға толы болатынын білдік. Бауыржан әдеттегідей барын салды. Еркош та бар күшін салды. Алаңға керемет ауысып шыққан Еркебұлан Тұгышбаевты атап айтқым келіп тұр. Ол допты алып қойғаннан кейін Эсеолаға шешуші допты шығарып берді. Тұңғышбаев үшін де маңызды матч болды. Оның да туыстары осы матчқа келді. Жалпы, мен барлық ойыншылар үшін қуаныштымын және оларға көңілім толады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»