«Қайрат» футбол клубы Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Заруцкийді өз қатарына қуана қарсы алады! Келісімшарт 2025 жылдың соңына дейін жасалған.
• Жасы: 31-де
• Позициясы: Қақпашы
• Бойы: 192 см
• Салмағы: 87 келі
Александр – қарағандылық «Шахтёр» түлегі. Мансабында «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс», «Қайсар» сынды клубтарда өнер көрсетті.
Заруцкий соңғы төрт маусымда «Астана» сапында ойнады. 54 матч өткізіп, 40 гол жіберіп алды, ал 24 ойында қақпасына гол дарытпаған.
Өткен жазда Александр Қазақстан құрамасының сапында Әзірбайжанға қарсы ойында дебют жасады.
Сары-қара отбасына қош келдің, Саша!