«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Александр Арефьев «Жетісу Б» командасымен болған ойыннан кейін өз эмоциясымен бөлісті.
- Матчтың басында біз басым болдық. Біз ойынды бақылап, қауіпті сәттерді қалыптастырдық. Қарсылас қарымта шабуылдармен жауап берді, бірақ біз төтеп бере алдық. Таймның соңында футболшымыз алаңнан қуылды. Ол, әрине, ойынға, тактикалық суретке әсер етті. Әрине, біз 4-4-1 жүйесі бойынша ойнай бастадық, нәтижесінде жеңіске қол жеткіздік. Мен командаға өте ризамын. Тез ес жиды, қауіпті сәттерді ұйымдастыруды жалғастырды, гол соқты. Ұзақ уақыт бір ойыншыға кем ойнаса да, қарсыласқа есе жіберген жоқ. Бұл көп нәрсені аңғартады. Бұл жеңіске лайықты болдық.
Команда қорғаныста қатаң тәртіппен ойнағанын атап өткім келеді. Жанкештілік танытты. Көптеген күш жұмсады,бұл өте жақсы нәтижеге әкелді. Барлық ойыншыларға ұжымдық қарым-қатынас үшін рахмет. Ешкім аянып қалған жоқ. Ойын аяқталар тұста екінші голды соққаны қуантты. Бағдаулет пенальтиді сәтті орындаған кезде, матчтың тағдыры шешілді. Менің ойымша, бұл өте маңызды және қажетті жеңіс. Бүгін бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, «Қайрат-Жастар» командасына жігерлендіргені үшін рахмет.