«Қайрат-Жастар» Түркияда өткен ОЖЖ-дан оралған соң жаңа маусымға дайындығын жалғастырып жатыр. Команданың бас бапкері Александр Арефьев жиынды қорытындылап, команданың алдағы жоспары жайында айтты.
- Өте маңызды ОЖЖ өткіздік, - дейді «Қайрат-Жастар» бас бапкері Александр Арефьев. - Күніне екі рет жаттығу жасадық. Үлкен көлемдежұмыс атқардық. Командаға барлық уақытта ауыр тапсырмалар берілді. Мүмкіндікті барынша пайдаланып қалуға тырыстық. Философиямызды енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Бұл ұзақ және терең процесс. Біз Академия басшысы және «Қайрат» ФК балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі Вольфганг Гейгермен үнемі байланыстамыз, Алексей Шпилевскийдің бапкерлік штабымен байланысып тұрамыз. Егжей-тегжейлі тұстар мен өткірлікті талқылаймыз. Көптеген сәттерде егжей-тегжейлі әзірлегендері үшін осы мамандарға алғыс айтамыз. Қуана жұмыс істеп жатырмыз. Ең бастысы, біз дұрыс бағытта қозғалып келеміз. «Қайрат-Жастар» ойыншылары нақты бір жағдайларда қалай әрекет ету керектігін бірте-бірте түсінеді. Өздеріңіз білетіндей, команда бірнеше жас топтарындағы футболшылардан құрылған. Команданың құрылғанына екі ай да өтпеді. Анталиядағы соңғы жиында ойыншылардың барлығы тең ойын уақытын алды. Біз бәрін іс жүзінде тексердік. Самаралық «Крылья Советов» командасындағы жастарға қарсы ойынды ерекше атап өткім келеді. Бұл матчта ойынның көрінісі, ұмтылыс, жылдамдық ұнады. Біз матчтың басым бөлігінде ойынды бақылауда ұстадық. Бұл спарринг нәтижесінен әлдеқайда маңыздырақ.
- Алексей Шпилевскийтің жоғарыда аталған матчқа келуі ойыншыларға қосымша жігер берді ме?
- Әрине. «Қайрат-Жастардың» барлық ойыншысы негізгі команда бапкерінің көзіне түскісі келеді. Әрқайсысының мақсаты - негізгі командаға ену. Бірақ бұл үшін көп жұмыс істеу керек.
- Команданың физикалық жағдайын қалай бағалай аласыз? Жаңа философияға ғажайып кондиция қажет.
- Ойыншыларым біртіндеп дамып келе жатқанына өте ризамын. Олар төзімділікті арттыру үшін үлкен жаттығулар жасады. Біз жұмыс жоспарына көп күш жаттығуларын қостық. Олардың барлығы қажетті жігермен жаттықты. Біздің маусымымыз сәуір айында басталады, сондықтан біз қазір ешқайда асықпаймыз. Бірінші лига командалары арасындағы ҚР чемпионатының басталуына команданы біртіндеп жетілдірген дұрыс екенін түсінеміз. Ең бастысы, ойыншылар біздің философиямызды жақсы түсінеді. Бірақ, қайталап айтайын, оларға уақыт қажет.
- Алдағы уақытта команданы не күтіп тұр?
- 3 наурызда бізде түздегі соңғы жиынымыз басталады. Біз оны Шымкентте өткіземіз. Сәйкесінше, 16 наурызға дейін команданың сонда жаттығады. Біздің басты міндетіміз - өзара әрекеттесуді жақсарту және құрамды қалыптастыру. Жұмыс көп болады. Бізде жоспарланған үш бақылау матчы бар. Яғни, бұл жиын бізге команданы маусымның басына дайындауға көмектеседі.