Алматылық «Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Қазақстан ұлттық құрамасының матчтары алдында «Sports.kz» порталының сұрақтарына жауап берді. Қорғаушы Латвиямен матч алдында команданың жігері туралы және Ұлттар лигасындағы мақсат жайында айтты.
- Ғафурдан, Сіздің ойыңызша, «Қайрат» Қазақстан чемпионатының соңына келгенде неге ұпай жоғалта бастайды, байқағанымыздай, өте маңызды сәтке келгенде сүрініп жүр?
- Жауап беру қиын. Бұл сұрақ мені де қызықтырады.
- Осы сенбіде Қазақстан ұлттық құрамасы Латвия құрамасына қарсы сырт алаңда өте маңызды матч өткізеді. Ұлттар лигасындағы келесі қарсыласымыздың күшін қаншалықты бағалай аласыз?
- Латвия – жақсы қарсылас, әр матчта жанын салады, бірақ бізге тек жеңіс қана қажет екенін түсінеміз, – тек үш ұпай үшін ғана ойнаймыз.
- Турнирдің алғашқы екі матчындағы сәтсіздіктен кейін қазақстандық ұжымға шегінерге жол жоқ. Бұл командаға психологиялық тұрғыда қаншалықты қысым жасайды?
- Психологиялық тұрғыда ешқандай қысым жасамайды. Біздің жоғалтар ештеңеміз жоқ –соңына дейін күресеміз. Егер осы екі ойынды ұтып алсақ, Құдай қаласа, әрі қарай жылжып, топтан шығуға және күресуге мүмкіндік аламыз. Грузия құрамасы да алдағы матчтарда ұпай жоғалтатынына сенімдімін және бәрі Грузияда өтетін соңғы матчта шешіледі.
- Алдағы матч Қазақстан құрамасының ойыншылары үшін дәл қажетті кезде өтеді деп айтуға бола ма? Себебі командаға өз жанкүйерлерінің алдында ойнамағасын, алға тұра ұмтылудың керегі жоқ, керісінше, қарсыласқа салқынқанды қарай алады.
- Әрине, солай деуге де болады. Біз үшін ең маңыздысы – нәтижеге сену. Біз өзімізге қажетті нәтижеге қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз, біздің негізгі мақсатымыз – сол.
- Бізге үш ұпай еншілеу үшін Латвияда қандай футбол көрсету қажет?
- Өзіміз ойнай алатын футболды көрсету керек.
- 16 қазанда андорралықтарға қарсы өз алаңымыздағы ойында қазақстандық команданың Андоррамен алғашқы матчы жәй ғана сәтсіз нәтиже екенін дәлелдей аламыз ба?
- Иә, сол ойынның тек кездейсоқтық екенін дәлелдеуге тырысамыз.
- Сіздің ойыңызша, Грузия алда Андорра және Латвияға қарсы матчтарда ұпай жоғалтауы мүмкін бе?
- Менің ойымша, Грузия Латвияға қарсы сырт алаңдағы матчта ұпай жоғалтады. Балтық жағалауының командасы – еуропалық футбол көрсететін азулы қарсылас. Грузия сырт алаңда күрделі матч өткізеді.
- Ұлттар лигасының төрт турынан соң біздің тобымызда командалардың турнир кестесіндегі жағдайы шиеленісе ме?
- Иә, жаңа айтқанымдай, келесі ойындардың екеуін де ұтып алсақ, біз Грузиямен бірінші орын үшін соңына дейін күресеміз. Егер қолдан келмесе, – онда, әрине, ешқандай мүмкіндік жоқ. Бізде шегінерге жоқ, тек алға жүру керек.