«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

АДЕРИНСОЛА ЭСЕОЛА: «ЖАҢА ТУРНИР БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАН СЕЗІМДЕМІН»
Қайрат

АДЕРИНСОЛА ЭСЕОЛА: «ЖАҢА ТУРНИР БАСТАЛАЙЫН ДЕП ЖАТҚАН СЕЗІМДЕМІН»

09 июня 2020
/ 11:00

Чемпионаттың жалғасы жайлы, «турнирдің басты бомбардирі» атағын қорғауға деген ұмтылысы жайлы, сонымен қатар оның киберфутболды алмастырған кітаптары жайлы баяндаған «сары-қаралардың» сұрмергені.

- Дерин, чемпионаттың бастамасы сен үшін аса ойдағыдай басталмады. Қорытынды оқу-жаттығу жиынында сен жағымсыз жарақат алып, бастапқы турды жіберіп алдың. Қалыпқа келу қиын болды ма?

- Кез келген футболшыға жарақат алу жағымсыз нәрсе. Тіпті жиындағы жолдастық кездесудің өзінде. Осы жарақаттың кесірінен бастапқы турларда толыққанды ойнай алмадым. Мен өз қалпыма келе бастадым. Қазір бәрі жақсы, біздің дәрігерлер мен физиотерапевттерге рақмет. Өзімді керемет сезініп тұрмын.

- Сен үшін турнирдің нағыз бастамасы енді басталады десек болады ғой?

- Тек мен үшін ғана емес. Барлығына. Бір өзіндік жаңару болды, сондықтан жаңа турнир басталайын деп жатқан сезімдемін. Турнир қарқынды да ерекше болуы тиіс.

- Футболсыз екі жарым ай сен үшін қалай өтті?

- Өте қиын болды. Бірақ біз онлайн режимінде дайындалдық, мүмкіндігімізше формамызды сақтадық. Біз – кәсіпқоймыз ғой. Чемпионатты бастап, бұрынғыдан да мықты боламыз деген ойдамын.

- Айтуға әлі ерте екені түсінікті. Бірақ осы жылы чемпионаттың үздік сұрмергені атағына сенімен кім бәсекелесе алады?

- Мен өзімнің атағымды қорғауым керек деп санаймын. Өткен маусымда мен үздік сұрмерген атағын алдым, сол лауазымды сақтап қалу - мені ынталандырады. Мен әрқашан күресемін. Басқалардың жақсы мүмкіндіктері бар екені айдан анық. Чемпионат қысқа болатындықтан, сұрмергендер сайысы өзгеше болады. Оқиғалардың ары қарай қалай дамитынын түсіну үшін кем дегенде сегіз-тоғыз тур ойнау керек.

- «Ертістің» ҚПЛ –ден шеттетілгені туралы жаңалықты естігенде қандай сезімде болдың?

- Команданың банкротқа ұшырауы өкінішті. Мен Украинада болғанда осындай жағдайға тап болдым. Мен ойнаған команда («Зирка») банкрот болды. Сонымен қатар, «Металлист» және «Днепр» сияқты ірі клубтардың бастары қараға қалды. Тым өкінішті-ақ.

- Өткен жылы осы уақытта үзілісті пайдаланып, Киевке ұшып, қызыңды көріп қайтқан едің. Қазір Киевте болғың келе ме? Отаныңды сағынасың ба?

- Иә, әрине, Киевті, Украинаны сағынамын. Менің ойымша, барлық шетелдіктер өз Отанын сағынады. Мен әрқашан үйге бір-екі күнге барып, ата-анамды, балаларымды, достарымды, туыстарымды көргім келеді. Үйде бірнеше күн болғым келеді. Содан кейін қайтадан жұмысқа ораласың. Биыл карантин бұған кедергі етті.

- Жақында біз Камомен командадағы супер қаһармандар туралы әңгімелестік. Дугаличті Таносқа, ал өзін Флэшке теңепті. Саған оның нұсқалары қалай?

- Мен комикстегі кейіпкерлер туралы көп білмеймін. Өмірдің осы кезеңінде, әлемде болып жатқан жағдайға қарағанда, басты нағыз қаһармандар – дәрігерлер мен коронавируспен күресетін адамдар. Құдай оларға осы індетті жеңу үшін денсаулық пен күш берсін.

- FIFA-дағы сенің командаңда шабуылшы ретінде кім ойнайды?

– Шабуылда менде мынандай үштік болды: Килиан Мбаппе, Антуан Гризманн және Рияд Марез. Жыл командасынындағы барлық карточкалар ең үздік. Мен соңғы екі айда FIFA ойнамадым. Приставканы кітаптармен және өздамытыммен алмастырдым.

- Соңғы уақытта оқыған бірнеше кітапты атап өтсең.

– « Ұлы құжаттардағы адамзат тарихы» . «Менің өмірім, менің жетістіктерім»  – Генри Фордтың өз империясын қалай құрғаны туралы баяндауы. Чезаре Ламброзоның « Кемеңгерлік және кедергісі» . Жалпы, мен өмірбаяндар мен ғылыми әдебиеттерді жақсы көремін. Романдар оқымаймын, онда бос сөз көп. Маған тарихи деректер ұнайды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»