«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Адеринсола Эсеола: «Барлық голдарымды қуана-қуана команданың чемпиондығына ауыстырар едім»
Қайрат

Адеринсола Эсеола: «Барлық голдарымды қуана-қуана команданың чемпиондығына ауыстырар едім»

16 сентября 2019
/ 11:00

«Жетісу» қақпасына екі гол соққан «Қайраттың» шабуылшысы Адеринсол Эсеола өз алаңдағы жеңістен алған әсерлерімен бөлісті.

 - Дерин, маңызды жеңіспен құттықтаймын!

- Рахмет! Барлық команданы жеңісімен құттықтаймын! Біз қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Мен бүгін екі доп соққаныма қуаныштымын.

- Екінші соғылған доп ерекше әдемі болды.

 - Екіншісін ерекшелеуге болады, келісемін. Біз керемет қарымта шабуыл жасадық. Үш паспен барлық алаңды өттік. Бұл қызықты, әдемі және нәтижелі болды. Мен Батоның (Исламхан) маған пас беретінін сездім, сондықтан дұрыс маневр жасап, соққы жасайтын позицияға шықтым. Исламхан сияқты керемет орындаушылар соңғы пас бергенде, ол діттеген жеріне жетеді.

- Бірінші гол, менің ойымша, өте маңызды болды.

Иә, біз оның арқасында ойынды ары қарай жүргізіп алып кеттік . Ол еңбекпен келді. Сол эпизодта аяғына дейін қарсыласпен күресіп, қақпаға допты соқтым. Мұндай сәттерде соңына дейін күту керек. Бұл футбол, бұл айып алаңындағы күрес.

- Екінші таймда қарсыласыңнан қатты соққы алдың…

- Неге төреші бұл эпизодқа мән бермегенін білмеймін. Онда шынтақпен маңдайға тікелей соққы болды. Мен өз-өзіме бірден келмедім. Төрешінің ойынды тоқтатпағаны біртүрлі болды.

- Екі голдың арқасында сен қайтадан бомбардирлік жарыста алдыға шығып кеттің

- Мен оған әлі қараған жоқпын. Мен үшін ең маңыздысы – команданың жеңістеріне көңіл бөлу. Қазір ең бастысы-әр матчта жеңіске жету. Барлық голдарымды қуана-қуана команданың чемпиондығына ауыстырар едім. Шабуылшыға соғылған голдарына байланысты баға беретіні түсінікті, дегенмен осы маусымда Премьер-Лиганың трофейін көтергіміз келеді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»