Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лиганың 11-турының символикалық құрамын жариялады. Оған «Қайрат-Жастардың» жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев енді.
«Жетісуге» қарсы кездесуде Адахаджиев ойын барысын бақылауында ұстап, бір ассисті өз есебіне жазды. 20 жастағы жартылай қорғаушы 7 рет допты тартып алса, 15 рет допқа бірінші болып жетті. Үш фол мен 88% көрсеткішпен пасты дәл жеткізді».