«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Аңызды еске аламыз
Клуб жаңалықтары

Аңызды еске аламыз

07 мая 2018
/ 00:00

Алматыда Т. С. Сегізбаевты еске алуға арналған ардагерлер арасында «Қайрат» ФК республикалық турнирі басталды.

Бүгін атақты футболшы қазақстандық футболдың аңызы Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың құрметіне қойылған Академияда бұрын отандық футболды халықаралық аренада танытқан еліміздегі құрметті ардагерлердің басым көпшілігі жиналды.

Мұндай үлкен жиынның басты мақсаты қазақстандық футболдың патшасы Тимур Сегізбаевты еске алу. Республикалық турнирдің ашылуына Қазақстанның жеті түрлі қаласынан ардагерлер жиналды: Павлодар, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Астана, Талдықорған мен Алматы. Қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен жанкүйерлер алдында алматылық «Қайраттың» құрметті ардагері Құралбек Досжанұлы сөз сөйлеп, артынша аңызға айналған ардагердің қызы Айгүл Сегізбаева жиналған қауымға алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол бұл турнир арқылы Тимур Сегізбаевқа үлкен құрмет көрсетілгенін басып айтты.

Сонымен қатар, көрермендер мен қатысушылар алдында «Қайрат» ФК техникалық директоры Евгений Красиков пен Қазақстан футбол федерациясының өкілі Сейілдә Икрамұлы Байшақов сөз сөйледі. Артынша, шараға келгендер үшін Тимур Санжарұлының құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Турнирдің ресми бөлігі аяқталар тұста ардагерлер командаға бөлініп, екі күнге созылатын республикалық турнирде бақ сынауын бастады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»