Бүгін «Қайрат» ФК-ның ардагері және Қазақстанның аңызға айналған ойыншыларының бірі Тимур Санжарұлы Сегізбаев 81 жасқа толар еді.
Тимур Санжарұлын қазақ футболының патшасы деп атап кеткен. Клубтық мансабына бір клубта өткізген Тимур Сегізбаев отандық футболдың символына айналды. Халықтың командасы сапында 12 маусымда 200-ден аса ойын өткізген.