«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

2022 жылғы маусымдық абонементтер сатылымда!
Қайрат

2022 жылғы маусымдық абонементтер сатылымда!

07 февраля 2022
/ 06:00
Құрметті жанкүйерлер! 2022 жылғы маусымға арналған абонементтердің сатылымға шыққанын қуана хабарлаймыз!

Тағы бір жақсы жаңалығымыз бар!
«Қайрат» ФК-ның мобильді қосымшасынан, электронды абонементті сатып алу арқылы, сіздер Sony PlayStation 5 ойын приставкасын ұтуға мүмкіндік аласыздар!

Науқанның шарттары оп-оңай:
«Қайрат» ФК-ның мобильді қосымшасын өз смартфоныңызға орнатып, «сары-қаралардың» 2022-жылғы маусымда, өз алаңында өткізетін матчтарына арналған  абонементті сатып алуларыңыз керек.

Маңызды: Науқанға «Қайрат» ФК-ның мобильді қосымшасынан, 2022-жылғы маусымға арналған абонементті сатып алған жанкүйерлер ғана қатыса алады.

Маусымдық абонемент стадионға өту, матчтарды тамашалауды барынша жеңілдете түседі.
Сізге кезекте тұрып билет сатып алудың қажеті жоқ, өзіңіз таңдаған жеке орынға жайғасып «сары-қаралардың» өз алаңында өткізетін Қазақстан Премьер Лигасы, Кубоктық ойындар және де УЕФА Конференция Лигасының матчтарын тамашалай аласыздар (топтық кезеңге дейінгі ойындар ғана).

Науқан 2022-жыл, наурыздың 5-ші жұлдызына дейін жарамды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»